Ozon қызметтерінде карталарды тіркеу және пайдалану шарттары

Жарияланған күні 4 тамыз 2023 ж.

1. Терминдер мен анықтамалар #

Ozon — «ОЗОН Маркетплейс Қазақстан» (БСН 211040009534), ҚР Заңды өкілі, тіркелген мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 77/7, 6 қабат.

Ozon қызметтерінің құжаттары — Клиенттің Ozon Қызметтерін пайдалану шарттарын реттейтін келісімдер мен Ozon Сайтында немесе тиісті Қызметінде орналасқан басқа құжаттар.

Клиент — Ozon ID пайдалану Шарттарына сәйкес Верификациядан өткен және Ozon ID пайдаланатын тұлға.

Жеке кабинет — Клиенттің Ozon қосымшасында https://ozon.kz/my/main/ мекенжайы бойынша орналасқан және құрамында Клиенттің деректері бар жеке беті.

Тіркелген карта — деректер енгізілген, «3-D Secure» авторизациясымен қорғалған хаттама бойынша рұқсат етілген банк картасы және Клиент Ozon Қызметтерінде қолма-қол ақшасыз төлем жасау мақсатында Жеке кабинетте сақталған.

Сайт — ozon.kz сайтында және/немесе Ozon мобильді қосымшасында орналасқан ақпараттық жүйе.

Ozon қызметтері — Сайтта, басқа веб-сайттарда және/немесе мобильді қосымшаларда орналасқан Ozon және/немесе Аффилиирленген тұлғалар тарапынан Клиентке ұсынылатын барлық қызметтер

Шарттар — Клиент қабылдайтын Ozon қызметтерінде карталарды тіркеу және пайдаланудың шарттары.

Шарттарда көрсетілген бас әріппен жазылған барлық басқа терминдер ozon.kz-те жеке тұлғалар үшін тауарларды сату шарттарымен белгіленген жерлерде қолданылады.

2. Жалпы шарттар #

2.1. Ozon Клиентке қолма қол ақшасыз төлеу мақсатында банк картасын тіркеуге және Ozon Қызметтерінде карталар Тіркелсе, ұсынылатын өзге де артықшылықтарды пайдалануға мүмкіндік береді.

2.2. Клиентке Тіркелген картаны қосу Ozon ID көмегімен Ozon Қызметтерінде авторизацияланған жағдайда қолжетімді.

2.3. Клиент өзінің банктік картасын Жеке кабинетінде берілген деректерді көрсету арқылы байланыстырады. Ozon Қызметтерінде көрсетілетін тиісті төлем нысаны мен оның функционалдығы картаны байланыстырып, «3-D Secure» технологиясы бойынша авторизациядан бір реттік өтуге мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жасағаннан кейін Тіркелген картаны тексеру үшін бақылау сомасы бұғатталады. Бұл сома есептен шығарылмайды және тек Тіркелген картаның жарамдылығын растау үшін қоланылады. Тіркелген карта расталғаннан кейін ол жеке кабинетте сақталып, Ozon Қызметтерінде жеке төлем тәсілі ретінде қолжетімді.

2.4. Ozon Клиенттердің Тіркелген карталарының деректерін өңдеуді (соның ішінде жинауды, сақтауды және қорғауды) PCI DSS (Payment Card Industry Data Security Standard) стандартының талаптарына және әзірленген саясатына сәйкес деректерді сақтау процедуралары мен процестерін жүзеге асады.

2.5. Банк картасын тіркей отырып, Клиент Шарттармен (ҚР АК 396-бабы), құжаттардың ережелерімен толық келісіп, оларға Шарттар, төлемдер жүргізу технологиясын қолдану арқылы сілтеме жасалады. Онда Тіркелген картаның деректері, төлем провайдерлерінің жадында сақталып, кейіннен қорғалған 3-D Secure авторизация хаттамасы арқылы авторизациясыз және (CVV/CVC) Тіркелген картаның тексеру кодын енгізбестен төлемдерді жүргізу үшін пайдаланылады.

2.6. Ozon Қызметтерінде тиісті тапсырысты рәсімдеу кезінде Тіркелген картаның тиісті деректемелері бар «Сақталған карталар» деген төлеу түрін таңдағанда («Онлайн төлеу» батырмасын немесе Ozon Қызметтерінің функционалдық мүмкіндіктерінде көзделген өзге де ұқсас батырманы басу) Тіркелген картадан төлемді Клиент жүзеге асырады. Төлемді қосымша растауды қажет етпейді. Тіркелген картадан қаражатты есептен шығару клиенттің өкімдері, оның ішінде ұзартылған өкімдері (қайталама төлемдер) таңдалған қаражатты аудару және Ozon Қызметтеріндегі Тіркелген карта Ozon Қызметтерінің тиісті құжаттары негізінде жүзеге асады.

2.7. Ozon Тіркелген картаны пайдаланылуы заңды екенін растайтын ақпаратты және/немесе құжаттарды талап етуіге, ал Клиент оны ұсынуыға міндетті. Сұраныс бойынша ақпарат және/немесе құжаттар ұсынылмаған жағдайда, Ozon Клиентке банк карталарын тіркеуге және/немесе бұрын Тіркелген карталарды Ozon Қызметтерінде пайдалану мүмкіндігін шектеуге және/немесе бұғаттауға құқылы.

2.8. Кейбір Ozon Қызметтерінде төлем үшін Тіркелген картаны функционалдық және/немесе техникалық ерекшеліктеріне байланысты пайдалана алмауыңыз мүмкін.

2.9. Клиент Тіркелген картаны пайдалануға байланысты ақпараттық сипаттағы хабарламаларды алуға келіседі.

2.10. Клиент Ozon ID көмегімен тиісті авторизация болған жағдайда Тіркелген картаны қолдана отырып жасалған барлық төлем және операция Клиент арқылы жасалды деп саналады. Тіркелген картадан уәкілетті емес тұлға қаражатты шоттан шешкен жағдайда Клиент Тіркелген карта шығарған банкке жүгінуге құқылы.

3. Шектеу, жауапкершілік және кепілдіктер #

3.1. Тіркелген картаның функционалды мүмкіндіктері, сондай-ақ шарттардағы өзге де мүмкіндіктер «сол қалпында» көрсетілген, Ozon олардың Клиенттің талабына сәйкес келуіне жауапкершілік алмайды, сонымен қатар, олардың қалыпты әрі ұзақ жұмыс істеуіне кепілдік бермейді.

3.2. Ozon бақылауынан тыс себептерге байланысты Клиент банк картасын қоса алмағандығы үшін жауап бермейді және Ozon Қызметтерінде пайдалану үшін мұндай картаны қосуға кепілдік бермейді.

3.3. Ozon өз қалауы бойынша және ешқандай себепсіз Клиентке банк карталарын және/немесе бұрын Тіркеген карталарын Ozon Қызметтерінде пайдалануда, тіркелу мүмкіндігін шектеуге/немесе бұғаттауға құқылы.

3.4. Егер төмендегі мысалдар қызмет шарттары және/немесе құжаттарда көрсетілмесе, Ozon Тіркелген картаны пайдалу үшін Клиент жасаған мәмілелер немесе басқа әрекеттер үшін жауап бермейді, осыған байланысты қандай да бір талаптарды қабылдауға және шағымдарды реттеуге уәкілеттілік берілмейді.

3.5. Шарттарды қабылдай отырып, Клиент кепілдік береді және растайды:

  • бұл әрекетке қабілетті жеке тұлға екенін және Тіркелген картаны пайдалана отырып мәмілелер жасауға құқылы, не ол Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген заңды өкілдің келісімі алынғанын;
  • оның атына берілген банк картасы жарамды әрі дұрыс ақпаратты көрсеткенін;
  • ҚР заңнамасының, төлем жүйелерінің және Тіркелген картаны шығарған банктің талаптарын сақтау, оның ішінде қолма қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу бөліктері;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, осы шарттардың, сондай-ақ өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасау мақсатында Тіркелген картаны пайдалану жүзеге асырылмайды;
  • Тіркелген картаны пайдалана отырып, төлем мақсаттары үшін үшінші тұлғалардың рұқсатсыз кіруіне кедергі келтіретін шараларды және Клиенттің Жеке кабинетін қорғау үшін арнайы шараларды қамтамасыз етілуіне;
  • осы шарттармен, Ozon Қызметінің клиенті пайдаланатын құжаттармен, шоттан қаражатты шешу тәртібімен таныстырылғанын, Тіркелген картадан түскен қаражат, тиісті тауарлардың/жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің құны мен өзге де елеулі Шарттар Тіркелген картаны пайдалану тәртібімен танысқанын.

4. Қорытынды шарттар #

4.1. Ozon осы Шарттарды клиентке ескертілусіз өзгертуі мүмкін. Шарттардың жаңа редакциясы интернет желісінде Шарттар мен мекенжай бойынша орналастыру арқылы күшіне енеді.

4.2. Клиент Шарттарға сілтеме жасалған құжаттардың шарттарымен немесе ережелерімен келіспеген жағдайда, егер олар өзгертілсе немесе олар Клиент қабылдаған Ozon Қызметінің құжаттарына сай келмесе Клиент Тіркелген картаның деректерін жеке кабинетте жоюға құқылы.

Скрыть навигацию

Показать навигацию