«ozon.ru iPhone үшін» қосымшасын пайдалануға арналған лицензиялық келісім

Қосымшаны қолданар алдында «ozon.ru iPhone үшін» (бұдан әрі мәтін бойынша — «Қосымша»), лицензиялық келісім шарттарымен танысыңыз (бұдан әрі мәтін бойынша — «Лицензия», «Лицензиялық келісім»). Қосымшаны пайдалану арқылы сіз осы лиценциялық шарттарды толық қабылдағаныңызға келісесіз. Егер сіз лицензиялық келісімнің шарттарын толық көлемде қабылдамасаңыз, қосымшаны пайдалануға еш құқығыңыз болмайды.

1. Келісімнің мәні #

1.1. Бұл Лицензиялық келісім пайдаланушы («Пайдаланушы») және «Интернет шешімдері» ЖШС, 123112, Мәскеу қ., Пресненская жағалауы, 10 үй, 41 қабат, I кіреберіс, 6 бөлме, бағдарлама құқықтарының құқық иеленушісі(«Құқық иеленуші»)арасында жасалды. Лицензия Пайдаланушыға Қосымшаны пайдалану шарттарын белгілейді.

1.2. Пайдаланушы Қосымшаны көшіру және мобильді құрылғыға орнату арқылы Лицензия шарттарын толық қабылдап, келісімін береді.

1.3. Қосымшаны тек Лицензия шарттары бойынша пайдалануға рұқсат етіледі. Егер Пайдаланушы лицензия шарттарын толық қабылдамаса, Пайдаланушының қосымшаны қайдай да бір мақсатта пайдалануға құқығы жоқ. Егер Лицензия шарттары бұзылған (орындалмаған) жағдайда, Қосымшаны пайдалануға тыйым салады.

1.4. Қосымшаны лицензия шарттарында коммерциялық емес мақсаттарда жеке пайдалану өтеусіз жүзеге асырылады. Осы қосымшада көзделмеген лицензиялық шарттар мен тәсілдер бойынша қосымшаны пайдалану тек жеке келісім негізінде ғана мүмкін болады.

1.5. Қосымшаны пайдалана отырып рәсімделген тапсырыстар мен өтінімдер, ozon.ru сайтында рәсімделген тапсырыстар да (жеке және заңды тұлғалар үшін) тиісті Пайдаланушы келісімдерімен реттеледі. Қосымша Клиенттің сайттағы іс-әрекеттерін ескере отырып, Қосымша мен Сайт тең болуы мақсатында Пайдаланушы келісімдерінде арнайы терминдер қолданылады. Осы Лицензиялық келісімнің шартын Құқық иесі кез келген арнайы хабарламасыз өзгерте алады, жаңа редакция ozon.ru сайтында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

1.6. Пайдаланушы Қосымшаны пайдалануы арқылы құрылғы, жүйе, бағдарламалық жасақтама және перифериялық құрылғылары және техникалық ақпаратты пайдалануы туралы ақпаратты жасақтауға рұқсат береді. Құқық иесі Қосымшаны жақсарту немесе қамтамасыз ету үшін Пайдаланушының қызметтері немесе технологиялары туралы техникалық деректерді жинауға және пайдалануға құқылы. Құқық иесі мұндай ақпарат Пайдаланушыны жеке сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін нысанда болғанша ақпаратты пайдалануға құқылы.

1.7. Пайдаланушы Қосымшаны осы Лицензия шеңберінде өтеусіз негізде пайдаланады.

1.8. Штрихкодты сканерлеу GNU LGPL лицензиясы бойынша таратылатын ZBar ашық кітапханасы арқылы жүзеге асырылады.

2. Қосымшаның айрықша құқығы #

2.1. Қосымшаның айрықша құқығы Құқық иесіне тиесілі.

3. Қосымшаны пайдалану жолдары #

3.1. Құқық иесі Пайдаланушыға Қосымшаны келесідей пайдалану тәсілдеріне (қарапайым (эксклюзивті емес) лицензия) жай құқық береді:

3.1.1. Қосымшаны тікелей функционалды мақсатта, яғни, пайдаланушының құрылғы(ларына) не ұялы телефон(дар)ға көшіру және орнату мақсатында қолданыңыз. Пайдаланушы қосымшаны Пайдаланушыға тиесілі мобильді құрылғылардың шексіз санына орнатуға құқылы.

3.2. Қосымша «ozon.ru iPhone үшін» атауымен қолданылуы керек. Пайдаланушы бағдарламаның атауын, қорғау белгісін, авторлық құқық немесе Құқық иесіне тиесілі өзге де нұсқауларды өзгертуге және/немесе жоюға болмайды.

4. Шектеулер #

4.1. Тікелей осы Лицензияда немесе Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген көлем мен тәсілдерді пайдалануды қоспағанда, Пайдаланушы өзгертуге, декомпиляциялауға, дизассемблерлеуге, дешифрлеу және Қосымшаның коды арқылы алгоритм туындылары туралы ақпарат алу мақсатында өзге әрекеттерді жүзеге асыруға, Қосымшаны пайдалану арқылы жаңа туындыларды ойлап табуға және Құқық иесінің жазбаша келісімінсіз жасауға (жасауға рұқсат беруге) құқығы жоқ.

4.2. Пайдаланушы қосымшаны коммерциялық мақсатта (ақылы негізде), оның ішінде Қосымшалық өнімдер жинақтарының құрамында Құқық иеленушінің жазбаша келісімінсіз көбейтуге және таратуға құқығы жоқ.

4.3 Пайдаланушының Қосымшаны Құқық иеленушінің жазбаша келісімінсіз оны алған жерден өзгеше түрде таратуға құқығы жоқ.

5. Жауапкершілік #

5.1. Қосымша «өз қалпының» (as is) шарттарымен ұсынылады. Құқық иеленуші Қосымшаның немесе оның жекеленген компоненттерінің қателіксіз және үздіксіз жұмыс істеуіне, Қосымша Пайдаланушынының нақты мақсаттарына сәйкес келуіне, сондай-ақ осы Лицензияда тікелей көрсетілмеген басқа да кепілдіктерге қатысты ешқандай кепілдік бермейді.

5.2. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес рұқсат етілген шекті деңгейде Құқық иеленуші және оның серіктестері Посымшаны пайдалану немесе пайдлана алмау нәтижесінде туындайтын кез келген тікелей немесе жанама салдарға, сондай-ақ Қосымшаны немесе оның жекелеген компоненттерін пайдалану немесе пайдаланбау салдарынан Пайдаланушыға және/немесе үшінші тұлғаларға келтірілген кез келген зиянға, оның ішінде олардың жұмысындағы мүмкін қателіктер немесе ақаулар шін жауап бермейді.

5.3. Бағдарламаны пайдалану/пайдалана алмауға байланысты, сондай-ақ Қосымшаны пайдалану нәтижесінде заңнаманы және/немесе үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзуға қатысты барлық талаптар бізге чатқа жіберілуі тиіс.

5.4. Осы Лицензия және Қосымшаны пайдаланумен байланысты барлық қарым-қатынастар Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

6. Ерекше шарттар #

6.1. Қосымшаның кейбір функцияларын орындау тек Интернет желісіне қосылғанда ғана мүмкін болады. Пайдаланушы мұндай қосылымды өз бетінше, өзінің байланыс операторы немесе провайдері белгілеген шарттар мен тарифтер бойынша төлейді.

Скрыть навигацию

Показать навигацию