Қайтару өтінішіне арналған фото мысалдары

Қайтару өтінішіне формада көрсетілген барлық фотоларды тіркеңіз.

Киім мен аяқ киім #

  • Егер өлшем тапсырыс бергеніңізге сәйкес келмесе, өлшемдік кестедегі параметрлерге сай келмейтін сипаттамалардың өлшемдері көрсетілген фотосуреттерді тіркеңіз.

  • Құрамының сәйкес келмейтіндігін растау үшін, жапсырманың фотосын тіркеңіз.

  • Егер тауар материалы сипаттамасына сәйкес келмесе, жақсы жарықта түсірілген материалдың анық фотосын тіркеңіз.

  • Егер сізге басқа тауар келсе, тізімде жазылғанды тіркеңіз:

    • тауардың толық фотосы;
    • зауыттық қаптамасы;
    • тапсырыс жеткізілген пакеттің фотосы, егер сақталған болса. Өлшемдер мен басқа фотолар қажет емес.
  • Егер сізге басқа өлшемдегі немесе брендтегі тауар жеткізілсе, жапсырма немесе бағалық фотосын тіркеңіз.

    Жапсырмадағы, заттаңбадағы, қаптамадағы өлшем басқа елдің өлшемдік жүйесімен көрсетілуі мүмкін және Ресейлік өлшемнен ерекшеленуі мүмкін. Сәйкессіздікті тек тауар картасындағы кесте мен өлшеу құралдары арқылы анықтауға болады.

  • Егер тауарда кемшілік бар болса, оның жақыннан түсірілген фотосын тіркеңіз.

Техника #

Егер сізге басқа модель жеткізілсе, параметрлерден алынған сипаттамалардың фотосын немесе скриншотын тіркеңіз.

Сонымен қатар:

  • Егер болса, зауыттық қаптаманың және штрихкодтың немесе сериялық нөмірдің фотосы керек.

  • Толық жиынтықтың фотосы.

  • Зауыттық пломбаның бұзылмағанын растайтын фотосурет.

  • Бағдарламалық жасақтама техникалық сипаттамаларының немесе онда кеткен қателіктің скриншоты.

  • Ақаудың немесе кемшіліктің фотосы.

Егер тауардың пайдаланылғаны анықталса: тауар тозса, сызаттар болса,онда жақыннан түсірілген фотоларды тіркеңіз.

Сонымен қатар, кез келген басқа сәйкессіздіктерді дәлелдейтін материалдарды тіркей аласыз. Мысалы, құрылғы мен бағдарламалық жасақтама туралы егжей-тегжейлі ақпарат көрсететін қосымшалардағы тексеру нәтижелері.

Видеокарталар #

Видеокартаны қайтару үшін қажет:

  • Сериялық нөмірдің немесе штрикодтың фотосы.

  • Қораптың фотосы.

  • Қорапты ашқан болсаңыз, ішкі қаптамадағы зауыттық пломбаның фотосы.

  • Ақаудың немесе кемшіліктің фотосы.

Егер ақау немесе кемшіліктер туралы видео болса, оны help@ozon.ru поштасына жіберіңіз немесе Google немесе Яндекс Дискке сілтеме тіркеңіз.

Навигацияны жасыру

Навигацияны көрсету