Қайтаруды рәсімдемес бұрын тексеріңіз қайтарудың шарттары мен мерзімі. Олар тауар санаты мен кері қайтару себебіне байланысты.
Кері қайтаруды қалай рәсімделеді #
-
Жеке кабинетте Мои возвраты → Вернуть товары («Менің қайтарымдарым → Тауарларды қайтару») тармағына кіріп, қажетті тауарды таңдап Перейти к возврату («Қайтаруға өту») батырмасын басыңыз.
Егер тауарды қайтару мүмкін болмаса, сіздің тауарды қайтару мерзімі мен шарттарын тексеріңіз. Кей тауарларды қайтару мерзімі шектеулі. -
Қайтару себебін таңдаңыз.
Егер тауарды қайтару мерзімі келесі себептермен өтіп кетсе, Товар повреждён при доставке («Тауар жеткізу кезінде бүлінген»), Привезли не тот товар («Басқа тауарды жеткізген») немесе сіз қайтаратын тауардың кепілдігі жоқ. Тауарды қайтару кезінде таңдалатын себеп түрлері шектеулі болуы мүмкін.Себеп Сипаттама Өтінімді рәсімдеу мерзімі Тауар жеткізу кезінде бүлінген Қаптаманы ашқаннан кейін тауардың бүлінгенін немесе деформацияланғанын анықтадыңыз. 1–3 күн. Басқа тауарды жеткізді Белгіленген тауарды әкелмеді, түсі мен моделі сай емес. 1–3 күн. Маған тауар сай келмеді Тапсырыстағы тауар келгенімен, өлшемі, үлгісі немесе сипаттамасы сай келмеді. 7 күннен 21 күнге дейін. Нақты мерзімді тауар картасынан көруге болады. Тауар сапасы мәселелері Егер тауар сапасына көңіліңіз толмаса:
• көрінетін зақымдар;
• тауардың немесе жинақтың бір бөлігі жоқ;
• жарамдылық мерзімі өтіп кетті;
• тауар істен шыққан немесе нашар жұмыс істейді;
• көшірме.7 күннен 21 күнге дейін. Нақты мерзімді тауар картасынан көре аласыз. Кепілдік жағдайы Сатушының кепілдігі бар тауарлар үшін тауар өнім пайдалану кезінде бұзылса. Кепілдік мерзімі ішінде. -
Тауарды қайтару себептерін сипаттаңыз немесе оның кемшіліктерін Комментарий («Пікірлер») бөліміне жазыңыз. Сіз тауарды қайтарудың нақты себебін таңдап, пікірлер бөлімінде кемшіл тұстарын толық жазсаңыз, сатушыға тауарды кері қайтару өтінішіне жауап беру оңайға түседі.
Не жазсақ болады:
- өлшемдері сай келмейді;
- сипаттамаға қандай тұстары сай келмейді;
- қай жерінде кемшілік немесе зақым бар.
-
Қажетті суреттерді жүктеңіз. Егер сізге басқа тауар жіберілсе, жеткізілген күйдегі қаптамасының суретін жүктеңіз. Бұл тауар алмасып кеткен жағдайда, екінші сатып алушыны табуға көмектеседі. Қандай суреттер қажет:
- Тауардың толық суреті.
- Ірі планмен кемшілік суреті. Егер кемшіліктері болмаса, тауардың басқа суретін жүктеңіз.
- Зауыттық қаптама. Егер оның суреті болмаса, тауардың басқа суретін жүктеңіз.
- Өлшемге немесе сипаттамаға сай келмеуі. Егер тапсырыс берген тауар картадағы сипаттамаға сай келмесе.
- Кепілдік мерзімі немесе серия нөмірі. Егер олар болмаса, тауардың басқа суретін жүктеңіз.
- Жөндеуге жарамсыздығы туралы анықтама. Егер ол болмаса, тауардың басқа суретін жүктеңіз.
Мысалдары бар суреттер туралы толығырақ
-
Жеткізу қызметі арқылы қайтаруды таңдаңыз. Ozon курьері арқылы қайтаруды жүзеге асыру мүмкін емес.
-
Жаслаған өтінімді тексеріп, Оформить возврат («Қайтарымды рәсімдеу») батырмасын басыңыз.
Өтінімді жеке кабинеттегі Мои возвраты («Менің қайтарымдарым») бөліміне өтіңіз.
Сатушының қайтарымды растауы #
Сатушы бір тәулік ішінде тауарды қайтару өтініміне жауап беруі тиіс. Егер сатушы сіздің өтініміңізге жауап бермесе, оны Ozon 24 сағат ішінде қарайды немесе тауарды қайтару автоматты түрде мақұлданады.
Егер сатушыға шешім қабылдау үшін қосымша ақпарат қажет болса, ол сізбен чат арқылы байланысады. Бұл ретте өтінім «Қайтарым мәліметерін нақтылау» мәртебесіне өтеді. Өтінімді қарау мерзімі 7 күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
Қарастырылғаннан кейін сатушы:
-
Тауарды қайтармай-ақ жартылай ақысын өтеу.
Жартылай өтемақы туралы толығырақ -
Өтінімді толық мақұлдау және сізден тауарды толық жөнелтуді сұрау.
Өтініш мәртебесі және сіздің келесі әрекеттеріңіз туралы толығырақ
Тауарды қалай қайтаруға болады #
Жеткізу қызметі арқылы #
-
Жеке кабинетте қайтаруды рәсімдеңіз.
-
Сатушы жауабын күтіңіз, мұнда тауарды шетелді жөнелдтуге қатысты деректер болады.
- Алушы: әдетте сатушының нұсқаулығында көрсетіледі. Егер алушының аты бір сөзден көрсетіле, ал жолаққа екі сөз жазу керек болса, алушының атын қайталап жазыңыз.
- Ел: China, Turkey немесе басқа ел.
- Қала: әдетте елден кейінгі жолақта көрсетіледі. Мысалы: Quanzhou, Beijing, Chengdu, Qingdao, Nanjing, Istanbul.
- Индекс: Қытай үшін — 6 белгі, Түркия үшін — 5. Егер қайтарым жолдарында немесе нұсқаулықта индекс көрсетілмесе, сатушымен немесе техникалық қолдаумен байланысыңыз.
- Мекенжай: барлық қалған ақпарат — аудан, көше, ғимарат немесе құрылыс нөмірі.
Қайтаруды жеделдету үшін:
- Өнімді тығыз қаптамаға салып, ішінен қозғалмайтындай бекітіңіз.
- Қорап сыртына «Return» сөзін жазыңыз.
- Қаптамаға алушының аты-жөні мен мекенжайына тіркелген QR-коды бар түбіртекті жабыстырыңыз. Түбіртекті жеке кабинеттегі: Заказы («Тапсырыстар») бөліміне өтіп, қажетті тапсырысты таңдаңыз, Электронный чек → Скачать («Электронды түбіртек → Жүктеу») батырмасын басыңыз.
-
Тауарды жібермес бұрын суретке түсіріңіз:
- қаптаманың жалпы бейнесі;
- алушы деректері көрсетілген жапсырма;
- жеткізу қызметіне тіркелген кезде сізге берілетін чек немесе жөнелтілім түбіртегі;
- кедендік декларация.
-
Сатушыдан нұсқаулық алғаннан кейін 4 күн ішінде тауарды жіберіңіз. Мекенжай мен жеткізу қызметі туралы дерек нұсқаулықта көрсетілген.
Егер қайтарымды жеткізу қызметі арқылы жүзеге асырсаңыз, қарапайым жеткізу түрін таңдаңыз және бөлім операторына хабарласып тауарды жерүстімен жөнелту қажеттігін хабарлаңыз.
Қайтарымды сәлемдеме арқылы рәсімдеңіз. -
Возвраты («Қайтарымдар») бөлімінде Подтвердить отправку («Жөнелтілімді растау») батырмасын басыңыз. Жеткізу түрін таңдаңыз Службой доставки («Жеткізу қызметі»).
Жолдарды толтырыңыз:
- Служба доставки («Жеткізу қызметі») — сіз қайтарымды жөнелткен транспорттық компания атауы. Мысалы, Казпочта, СДЭК, DHL немесе Fedex.
- Трек-номер («Трек-нөмір») — қайтарымды жөнелткеннен кейін чекте көрсетілетін жөнелтуді бақылауға арналған нөмір.
- Стоимость доставки («Жеткізу құны») — сіз көлік компаниясына төлеген қайтару мен қаптаманы жіберу құны.
Суретті жүктеңіз:
- трек-нөмір, мекенжай мен жіберу құны көрсетілген төлем туралы түбіртек немесе чек;
- сәлемдемелер;
- қораптағы жапсырмалар;
- бар болса, кедендік декларация.
-
Подтвердить («Растау») батырмасын басыңыз.
-
Сатушы тауарды қабылдағанша күтіңіз. Тексерістен соң сатушы шешім қабылдап, өтінім мәртебесін өзгертеді, өтінімді жеке кабинетте бақылай аласыз.
Өтінім мәртебесі туралы
Жөнелту ақысы #
Тауарларды жөнелтуді сатып алушы төлейді, бірақ сатушы оны өтейді, егер:
- тауар картасындағы сипаттамаларға сәйкес келмейді;
- сізге дұрыс емес өлшем немесе тауар жіберілді;
- сізде жалған тауар алғаныңызды растайтын дәлел бар;
- сізде тауардағы зақымды растайтын қызмет көрсету орталығының актісі бар;
- сіз кез-келген сападағы үлкен өлшемді тауарды қайтарасыз.
Егер сіз сапасыз тауарды қайтарсаңыз, жеткізу құны тауардың ақшасымен бірге қайтарылады.
Егер сіз тауарды сатушының нұсқаулығы арқылы жіберсеңіз, сәлемдеме белгіленген жерге жетіп, бірақ сатушы оны алып кетпесе, сізге тауар құны мен жеткізу қызметі ақысы қайтарылады.
Егер сіз тауарды жеткізу қызметі арқылы жөнелтсеңіз, оның қызметкерінен трек-нөмірді анықтаңыз.
Ақша қашан және қалай қайтарылады #
Қайтарылған тауарды алғаннан кейін сатушы оны тексеріп, сізге ақшасын қайтарады. Ақша өтінім мәртебесі «Қаражат жіберілді» мәртебесіне өткеннен кейін 1-3 күн аралығында қайтарылады. Банк немесе төлем жүйесінің өңдеуіне байланысты қаражттың жеке шотқа түсу мерзімі 10 күнге дейін созылуы мүмкін.
Тауар мен жөнелтілім үшін қаражат бөлек түседі.
Егер қаражат 10 күн ішінде түспесе, бізге чатқа жазыңыз.