Шетелдік тауарлардан бас тарту немесе өзгерту

Тапсырысты өзгерту #

Тапсырысқа тауар қосу #

Тіркелген тапсырысқа қосымша тауар қосу мүмкін емес. Сіз тапсырысты болдырмай, қажетті тауарлары бар жаңа тапсырыс бере аласыз. Тапсырысты мәртебесі «Тапсырыс жиналды» болып өзгермейінше өзіңіз бас тарта аласыз.

Жеткізу уақытын өзгерту #

Зарубежные товары («Шетелдік тауарлар») санатындағы тауарлар шекара асып, тікелей сатушыдан жеткізіледі. Тауарлар сатушының қоймасынан жеткізілетіндіктен, тапсырыс бетінде жеке кабинетте болжамды жеткізу мерзімі көрсетіледі. Жеткізу күнін өзгерту мүмкін емес.

Егер тапсырысыңызды курьер жеткізсе, жеткізу күнін тікелей курьермен келісіңіз.

Телефон нөмірі немесе қабылдаушыны өзгерту #

Тапсырысты рәсімдегеннен кейін телефон нөмірін немесе қабылдаушыны өзгерту мүмкін емес. Ozon бұл деректерді кедендік жеткізу қызметіне тауарды рәсімдеу үшін береді.

Жеткізу мекенжайын өзгерту #

Тапсырысты рәсімдегеннен кейін жеткізу мекенжайын өзгерту мүмкін емес. Егер тауарларыңызды курьер жеткізетін болса, тапсырыс көрсетілген қалаға келгенде, жеткізу қызметімен байланысыңыз.

Тапсырыстан бас тарту #

Сатушы тапсырысты растамады #

Егер әлі тапсырыстың мәртебесі «Жиналуда» болып өзгермесе, одан Заказы («Тапсырыстар») бөлімінде бас тартуға болады. Тапсырыс бетінде Отменить заказ («Тапсырыстан бас тарту») батырмасын басып, себебін таңдаңыз.

Сатушы тапсырысты растады #

Егер сатушы тапсырысты растап, оны «Жиналды» мәртебесіне ауыстырса, жеткізуден бас тарту мүмкін емес.

Сіз тауарларды алғаннан кейін қайтару батырмасын басып, кері қайтара аласыз.

Бас тарту туралы өтінім беру #

Егер шетелден келетін тауар тапсырыс бетінде көрсетілген жеткізу мерзімінің аяқталуынан бастап 30 күн немесе одан да көп уақытқа кешіктірілсе, сіз чат-бот арқылы бас тарту туралы өтінім бере аласыз.

Егер тапсырыс уақытында жеткізілсе, одан бас тарта алмаймыз.

Тапсырысты алған соң, кері қайтара аласыз.

Сіз тапсырысты алудан бас тартсаңыз, ол сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін автоматты түрде кері қайтарылады.

Ақшаны қайтару #

Егер сіз сатушы растағанға дейін тапсырыстан бас тартсаңыз, 3-20 күн ішінде сіз тапсырыс құнын төлеген есепшотқа төлем қаражаты қайтарылады. Ақшаның қайтарылу мерзімі сіздің банкке немесе тапсырыс төлеміне қолданылған төлем жүйесіне байланысты.

Егер тапсырысты алып үлгерсеңіз, кері қайтаруға болады. Ол кезде тапсырыстан бас тарта алмайсыз, ал ақша автоматты түрде қайтарылмайды.

Ақшаны қайтару туралы толығырақ

Қосымша сұрақтарыңыз болса — бізге чатқа жазыңыз.

Навигацияны жасыру

Навигацияны көрсету