Ақшаны қайтару

Егер қайтарым Как вернуть товар «Тауарды қалай қайтарамын» бөліміндегі нұсқаулыққа сәйкес рәсімделсе, біз тауарларды қабылдап, тексерген соң қаражатын қайтарамыз. Әр тауар мен жеткізу қызметінің ақшасы жеке қайтарылады.

Бас тартылған тапсырыс немесе оның бір бөлігіне қайтарылатын қаражат мәртебесі жеке кабинеттегі Заказы («Тапсырыстар») бөлімінде көрсетіледі.

Егер сіз тапсырыстың кей бөлігінен бас тартқаннан кейін, барлық тауар сомасы тегін жеткізу қызметі үшін жеткіліксіз болса, біз бас тартылған тауарлардың ақшасын қайтарамыз, бірақ сол сомадан жеткізу қызметі құнын аламыз.

Егер сіз тауарды жеткізу қызметіне өткізгеннен кейін,сапалы тауарды алғанда немесе кейін тапсырыстан бас тартсаңыз, ақылы жеткізу қызметінің құны қайтарылмайды.

Тапсырыстар мен қайтарымдар туралы барлық операциялар тарихын жеке Баланс средств («Аккаунт шотындағы теңгерім») бөлімінен көре аласыз.

Жартылай өтемақы #

Егер тауарда өнімділік сипаттамаларына тікелей әсер ететін ақау болмаса, тауарды толық қайтармай ол үшін жартылай өтемақы ала алмайсыз. Мысалы, тұрмыстық техникадағы шағын ойық немесе сызат.

Жартылай өтемақы туралы толығырақ

Тапсырыстан бас тартқаннан кейінгі қайтарым қаражатының мәртебесі #

Бас тартылған тауарлардың қайтарым қаражаты мәртебесін Заказы («Тапсырыстар») бөлімінен көре аласыз. Қайтарым қаражаты мәртебесі 2 апта бойы көрініп тұрады.

Мәртебелер және олардың мағынасы #

  • Деньги отправлены на карту («Қаражат картаға жіберілді») — тапсырысты төлеген картаға қаражат аударылды. Әдетте ақша 2-3 күн ішінде түседі, бірақ кейде 10 күнге дейін созылады. Егер қаражат түсімі созылса, өз банкіңіздің қолдау қызметіне жүгініңіз.

  • Возврат денег ещё не начат («Қаражат қайтарымы әлі басталмады») — біз ақшаны қайтарған бетте, сізге хабарлама келеді. Әдетте бұл 3 күн уақытты алады.

  • Не удалось вернуть деньги («Ақшаны қайтару мүмкін болмады») — қаражат қайтарымында мәселелер туындады. Өтінеміз, бізге чатқа жазыңыз.

Тапсырыстан бас тартқаннан кейін қашан қаражат түседі #

Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған жағдайларға сәйкес, қаражат қайтарымы мәселесі бұл бетте көрсетілген мерзімнен өзгеше болуы мүмкін.

Тапсырыс 6 сағаттан аз уақыт бұрын төленді #

Төлем жасалғаннан кейін ақша бірден алынбайды, ол қаражат картада 6 сағатқа бұғатталады. Тапсырыстан немесе оның кей бөліктерінен бас тартсаңыз, біз банкке бас тарту туралы ақпарат жолдап, бұғатталған соманы шығару туралы өтінім тастаймыз. Картадағы бас тартылған тауарлар сомасы қайта картаға түседі.

Әдетте банк қаражатты бұғаттаудан шығару туралы хабарлама жолдамайды және банктегі жеке кабинетте бұған қатысты арнайы операция жоқ:

  • Тапсырыстан бас тартқан кезде ол үшін картадан алынған ақша операциялар тарихынан жойылады.
  • Тапсырыстың кей бөлігінен бас тартқан кезде, бастапқы алынған толық қаражаттан тек бас тартылған тауарлардың құны картаңызға аударылады.

Бұғаттау және бұғаттаудан шығару туралы толық ақпаратты банкіңіздің қолдау қызметінен біле аласыз.

Тапсырысты төлегеннен кейін 6 сағаттан аса уақыт өтті #

Тапсырысты төлегеннен кейін 6 сағаттан соң біз картадан қаражатты алуға өтінім жолдаймыз. Тапсырыстан бас тартқан болсаңыз, алынған соманы 72 сағат ішінде қайтарымыз.

Қаражат сіздің картаңызға 2-3 күн аралығында қайтарылады, максималды — 10 күн. Қаражатты қайтару мерзімі банк пен төлем жүйесіне байланысты. Банктегі жеке кабинетіңізде қаражат қайтарымы операциясы туралы ақпарат көрсетіледі.

Егер 10 күн өткеннен кейін де, қаражат қайтарылмаса, банкіңізден үзінді көшірмені талап етіп, сол дерекпен Ozon қолдау қызметіне жүгініңіз.

Тауар қайтарымынан соң қаражат қашан түседі #

Қайтарымды тексеру және қабылдау #

Қаражатты қайтармас бұрын бізге тауарды тексеру керек.

Қайтарым әдісі Тексеру мерзімі
Алу пункті Әдетте алу пунктіндегі қызметкер тауарды бірден тексеріп алады, бірақ кей жағдайларда тауарды қосымша тексеруге 10 күнге жуық уақыт керек.
Ozon курьері Тауар Ozon қоймасына жеткізілген кезде, біз тауарды бірден тексеріп, қаражатты қайтару туралы шешім қабылдаймыз. Кей жағдайларда 10 күнге дейін созылатын қосымша тексеру қажет болады.
Тауар серіктес немесе сатушы арқылы жеткізілді Тауар сатушы қоймасына жеткізілгенде ол оны тексеріп, 7 күн ішінде қаражатты қайтару туралы шешім қабылдайды. Қайтарымды жібергеннен кейін оның қоймаға жеткені туралы жеткізу қызметінің трек-нөмірі арқылы бақылай аласыз.
Тауарды Ozon серіктесі жеткізді Сіз тауарды қайтарған кезде, ол көрсетілген мекенжайға келіп, кейін қоймаға жіберіледі. Қоймада біз тауарды тексеріп, 10 күн ішінде қаражатты қайтару туралы шешім шығарамыз. Қайтарымды жібергеннен кейін оның қоймаға жеткені туралы жеткізу қызметінің трек-нөмірі арқылы бақылай аласыз.

Егер одан да ұзақ уақыт талап етілсе немесе тауардың қайтарымға сай келмейтіні анықталса, бұл туралы ақпарат Возвраты («Қайтарымдар») бөліміндегі тауар қайтарымы туралы мәртебесінде көрсетіледі.

Қаражат қайтарымы #

Егер қайтарым мақұлданса, біз сізге ақшаны бірден аударамыз және ол туралы хабарлама жолдаймыз. Қаражат сіздің шотыңызға 2-3 күн арасында қайтарылады, максималды — 10 күн. Қайтарым мерзімі банк пен төлем жүйесіне байланысты. Егер 10 күн өтіп, бірақ ақша әлі аударылмаса, банкіңізден үзінді көшірмені талап етіп, сол құжатпен Ozon қолдау жүйесіне жүгініңіз.

Несиеге рәсімделген тауар қаражаты банкке 5 жұмыс күні ішінде немесе аккаунт шотындағы теңгерімге 2 жұмыс күні ішінде қайтарылады.

Несиеге алынған тауарлар қайтарымы туралы толығырақ

Егер тауар сапасыз болса, біз жеткізу қызметі құнын қайтарамыз:

  • тауар жалған болып шықты;
  • сипаттамаға сай келмейді немесе басқа тауар жеткілген;
  • қолдану мерзімі өткен немесе қолданылған тауар жеткізілген;
  • ақауларымен немесе сыртқы зақымдарымен жеткізілген;
  • тапсырыс бөлшектері немесе жабдықтары жеткіліксіз;
  • жұмыс істемейді немесе нашар жұмыс істейді.

Егер сіз сапалы тауарды қайтарсаңыз, біз сізге тауар құнын қайтарамыз, бірақ тауар сізге сай келмесе, жеткізу қызметінің құнын қайтармаймыз.

Қаражат қайда қайтарылады #

Төлем тәсілі Қаражат қайда қайтарылады Пікір
Ozon қосымшасында немесе сайтында банк картасымен Тапсырыс төленген банк картасына Тапсырыстан бас тартқаннан кейін немесе тауар қайтарылғаннан кейін 10 күн ішінде картаңызға төленген соманы аударамыз. Қайтарым мерзімі банк пен төлем жүйесіне байланысты. Әдетте қаражат 2-3 күн ішінде қайтарылады.
Аккаунт теңгеріміндегі шоттан Аккаунт теңгеріміндегі шотқа Аккаунт теңгеріміндегі шотқа қаражат бір күн ішінде қайтарылады. Онымен тауарды 100% төлеуіңізге болады.
Аккаунт теңгеріміндегі шот туралы толығырақ
Ресей банк картасы арқылы Ресей банк картасына Тапсырыстан бас тартқаннан кейін немесе қайтарғаннан соң 10 күн ішінде қаражатты картаңызға аударамыз. Қайтарым мерзімі банк және төлем жүйесіне байланысты. Әдетте қаражат 2-3 күн ішінде қайтарылады.
Шетелдік банк картасымен Шетелдік банк картасына Қаражат қайтарымы мақұлданғаннан кейін 5 күн ішінде түседі.
Несиеге/бөліп төлеуге Банкке немесе аккаунт шотындағы теңгерімге
Қаражат қайтарымы туралы толығырақ
Қаражатты қайтарым өтінімі «Деньги отправлены» («Қаражат жіберілді») мәртебесіне өткеннен кейін жібереміз. Қаражат 5 жұмыс күнінде түседі.

Егер карта мен есеп айыру шоты бұғаттаулы болса #

Қаражат аккаунт шотындағы теңгерімге 10 күн ішінде түседі. Егер қаражат түспесе, банкіңізден үзінді көшірмені талап етіп, кейін бізге чатқа жазыңыз.

Үзінді көшірме түрі

Егер сұрақ туындаса, бізге чатқа жазыңыз.

Скрыть навигацию

Показать навигацию