Бөліп төлеуге болатын тауарларда ozon.kz, Рассрочка («Бөліп төлеу») немесе
белгілері бар.
20-60 жас аралығындағы қазақстандықтар пайызсыз бөліп төлей алады.
Бөліп төлеуді Home Credit Bank, Халық Банк, Еуразиялық Банк және Freedom Finance credit микронесие ұйымы ұсынады. Үш ұйымнан бірден шешім шығу үшін бір өтінім беріңіз.
Бөліп төлеу үшін ең төмен сома — 10 000 теңге, ең жоғары сомасы — 2 000 000 теңге. Тапсырыстағы тауар саны — 8-ден аспау қажет. Бөліп төлеу 12 айға рәсімделеді.
«Азық-түлік», «Аңшылық және ату», «18+» санаттарындағы тауарлардың құнын бөліп төлеуге болмайды.
Өтінім беру #
Бөліп төлеуге өтінім берген кезде сіз серіктестің бетіне қайта бағытталасыз.
Өтінім беру үшін:
-
Рассрочка («Бөліп төлеу») немесе
белгісі бар тауарларды таңдап, себетке салыңыз, оны ozon.kz косымшасында таба аласыз.
-
Себетке өтіп, Перейти к оформлению («Тапсырысты рәсімдеу») батырмасын басыңыз.
-
Төлем түрін Рассрочка («Бөліп төлеу») деп белгілеп, Оформить заявку («Өтінім беру») батырмасын басыңыз. Өтінімті беру серіктес компанияның бетінде жалғасады.
Сізде бөліп төлеуді рәсімдеуге 70 минут уақыт болады. Егер сіз осы мерзімдеөтінім беріп үлгермесеңіз, тапсырыс өшіріледі, кейін тіркеуді қайта бастау керек болады. -
ЖСН теріңіз. Номер телефона («Телефон нөмірі») өрісіне Ozon ID байланысты нөмір автоматты түрде қосылады. Сіз басқа нөміріңізді де жаза аласыз.
-
Деректерді өңдеуге келісімді растап, СМС кодын сұраңыз.
-
СМС-ке келген кодты енгізіп, өтінімнің жіберілгенін растаңыз.
Егер банк сіздің бөліп төлеу туралы өтініміңізді алдын-ала мақұлдаған болса, ұсыныстың жанында жасыл белгі пайда болады. Сіз сол банкпен келісімшарт жасай аласыз.
Егер банк сіздің бөліп төлеу туралы өтініміңізді қабылдамаса, оның жанында қызыл белгі пайда болады. Тауарды сатып алу үшін жаңа тапсырыс жасап, басқа төлем түрін таңдаңыз.
Шарт жасасу #
Бөліп төлеу шартын жасау үшін жеке куәліктің суретін қосып, фотосурет немесе бейне арқылы сәйкестендіруден өтіңіз.
-
Шарттармен танысыңыз.
-
Сәйкес ұсынысты таңдап, Применить («Қолдану») түймесін басыңыз.
-
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Шарт жасалғаннан кейін тапсырыс бетіне өтіп, оның мәртебесі «төленген» екеніне көз жеткізіңіз.
Егер сіздің өтініміңізден бас тартқан болса, сіз:
- Бөліп төлеу үшін қайта өтінім беріңіз — бас тартқаннан кейін 14 күн өткен соң ғана қайта өтінім беруге болады.
- Басқа банктің ұсынысын таңдаңыз. Тапсырыс бетінде Оформить заявку («Өтінім беру») батырмасын басып, бөліп төлеу өтінімін жаңадан жасаңыз.
- Жаңа тапсырыс беріп, басқа төлеу түрін таңдаңыз.
Бөліп төлеуді жабу #
Бөліп төлеу түрін білу үшін оны мақұлдаған банкке хабарласыңыз.
Бөліп төлеу арқылы алынған тауарды қайтару #
Егер сіз бөліп төлеу арқылы алынған тауарды алудан бас тартсаңыз, қайтаруғаөтінім беріңіз.
Өтінім «ақша жіберілді» мәртебесіне ауысқаннан бастап қайтару мақұлданды деп есептелінеді.
Өтінім мақұлданғанға дейін бөліп төлеу өз қалпында қалады. Егер бөліп төлеу күні қайтару өтінімі әлі мақұлданбаған болса, ай сайынғы төлемді енгізіңіз.
Ақша Баланс средств («Аккаунт шотындағы теңгерімге») немесе бөліп төлеген банкке түсуі мүмкін. Бұл 2 факторға байланысты:
- сіз тапсырыс берген барлық затты немесе тек бір бөлігін қайтаруыңыз мүмкін,
- тапсырысты төлеген сәттен бастап қайтаруға өтінім мақұлдағанға дейін 14 күннен артық немесе аз уақыт өтуі мүмкін.
Егер сіз тауарды үшінші тараптың жеткізу қызметтері арқылы қайтарсаңыз, қайтару мерзімі ұзаруы мүмкін.
Толық қайтару #
Егер банк Ozon компаниясынан толық қайтару туралы хабарлама алмаса, бізге чатқа жазыңыз. Бөліп төлеу шартының әлі де белсенді екенін дәлелдейтін скриншотты көрсетіңіз — мысалы, онда банктің жеке кабинетінде шарттың мәртебесі немесе банктің қолдау қызметінен растау хат көрсетіледі.
Жартылай қайтару #
Егер сіз тапсырыстың бір бөлігін немесе бүкіл тапсырысты бөліктермен қайтарсаңыз, қайтару жартылай болып саналады.
Ақша Баланс средств («Аккаунт шотындағы теңгерімге») 2 күн ішінде түседі. Сіз:
- бөліп төлеуді толығымен төлеңіз — ақшаны шығарып, банктегі қарызды өтеңіз;
- ozon.kz сайтындағы басқа тапсырыстарды төлеу үшін аккаунт шотындағы теңгерімді пайдаланыңыз.
Аккаунт шотындағы теңгерімді пайдалану туралы толығырақ
Шарттың күші жойылғанына және бөліп төлеу мерзімі өткеніне көз жеткізу үшін банктің қолдау қызметіне қарыздың жоқтығы туралы анықтама сұраңыз.
Мүмкін болатын қателер #
Қате | Пікір |
---|---|
ЖСН тексеру 3 минуттан асады | Кейбір жағдайларда өтінімті қарау 5 минутқа дейін созылады. Тексерудің нәтижесін күтіңіз. |
Фотосурет немесе бейне арқылы сәйкестендіру мүмкін емес | Сізде: Егер жеке куәлікті ауыстырсаңыз, банктің қолдау қызметіне жүгініңіз. |
Оформить заявку («Өтінім беру») батырмасы жұмыс істемейді | Интернет байланысының жылдамдығын тексеріңіз. |
Бөліп төлеу шартына қол қою үшін банктен СМС келмейді | Байланыс сапасын тексеріп, құрылғыңыз бейтаныс нөмірлерден хабарлама қабылдайтынына көз жеткізіңіз. СМС күтіңіз. |
Серіктестің деректемелері #
Бөліп төлеуге арналған бағдарламалық жасақтаманы Brokerage Inc серіктес компаниясы ұсынады. Өтінімді жіберу арқылы сіз Brokerage Inc телефон нөмірін беруге келісім бересіз.
«Brokerage Inc.» ЖШС деректемелері:
- Заңды мекенжайы: A05K8B4, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жібек Жолы даңғылы, 135 үй, 3 Блок, 12 қабат.
- Алушының коды: 17.
- БСН/ЖСН: 190940031534.