Қоғамдық парақша

Қоғамдық парақшада тауар туралы анонимді түрде жазылмаған пікірлер жинақталады. Басқа қолданушылар сізге жазылып, жаңартуларды бақылай алады.

Жаңадан тіркелген жазылушылар, лүпілдер мен пікірлер туралы деректер Лента активности («Белсенділік бөлімінде») сақталады.

Арнайы санаттағы тауарлар туралы пікірлер көрсетілмейді, олар тек қана тапсырыс парақшасында болады. Мұндай санаттағы тауарларға:

  • 18+ тауарлары;
  • іш киім, үй киімі және шұлық бұйымдарының түрлері;
  • электронды темекі, қорқор түрлері;
  • дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалар;
  • медициналық бұйымдар;
  • оңалту құралдары;
  • әйелдер гигиенасына арналған өнімдер;
  • гинекологиялық және урологиялық тауарлар.

Өз парақшаңызды қарау, өзгерту немесе жасыру #

Жеке кабинетте парақша туралы ақпаратты қарап, баптауларын өзгерте аласыз.

Қоғамдық есім #

Қоғамдық есім талаптары:

  • қоса алғанда 30 таңбаға дейін;
  • тек латын немесе тек кирилл әріптері;
  • бас әріпті тек сөз басында қолдануға рұқсат етілген;
  • сөздердің ортасында «-» немесе «'» таңбаларынан басқа арнайы таңбалар жоқ;
  • әдепсіз немесе түсініксіз сөздер жоқ, мысалы, «әкімші» немесе «қолдау».

Аватар #

Аватарда мыналарға тыйым салынған:

  • 18+ суреттерге,
  • ұрандар,
  • ЛГБТ белгілері,
  • ұлтшылдық нышандар,
  • әскери пейзаждар,
  • QR-кодтар,
  • байланыс және жарнамалық жазбалар,
  • қайтыс болған адамдар,
  • жалаңаш адамдар.

Парақшаны жасыру #

Сіздің парақшаңызда пікірлер көрінбеуі үшін Настройки («Баптаулар») бөлімінде қоғамдық парақша тетігін өшіріңіз.

Пікірді жасыру немесе қайтару #

Топ-авторлар #

Қоғамдық парақшада сіз топ-авторлар бөлімін көре аласыз — бұл сатып алынған тауарларға көлемді пікір жазған өзге қолданушылар.

Егер автордың фотосын бассаңыз, сіз оның Қоғамдық парақшасына өтесіз. Автордың болашақта жазатын пікірлерін бақылау үшін оған жазылсаңыз да болады.

Қазір топ-авторларды барлығы көре алмайды. Бөлімге әлі тәжірибе жүргізуде, сондықтан тек Ozon қолданушыларының кейбірінде ғана бар.

Авторлар топтамасына шығу #

Авторлар топтамасына кез келген қолданушы шыға алады. Ол үшін сіздің Қоғамдық парақшаңыз:

  • басқа қолданушыларға ашық болуы қажет;
  • платформа ережелеріне сай рәсімделуі қажет;
  • 10 пікір болуы қажет, оның соңғы 3-інің суреті мен видеосы бар және мерзімі 3 айдан аспауы қажет;
  • үйге арналған тауар, киім және опа-далап категорияларына пікір жасалған болуы қажет.

Пікірлерді жариялау ережесі

Топ-автор атануы үшін:

  1. Хочу в подборку («Топтамаға шыққым келеді») батырмасын басыңыз — ол сіздің Қоғамдық парақшаңызда барлық ережелерді сақтағанда пайда болады.

  2. Терезеде пайда болған Отправить заявку («Өтінімді жіберу») батырмасын басыңыз. Егер сіз блогер болсаңыз, парақшаңызға сілтеме қалдырыңыз.

Өтінім модерацияға кетеді. Біз сіздің Қоғамдық парақшаңызды тексеріп, өз жауабымызды Лента активности («Белсенділік бөліміне») жібереміз.

Жіберілген өтінімдер саны шектелмеген. Егер сіздің өтініміңіз қабылданбаса, пікіріңізді жақсартып, топ-автор болуға қайта талпынып көріңіз.

Егер модерациины сәтті өтсеңіз, Лента активности («Белсенділік бөліміне») хабарлама келіп, парақшада үздік белгі пайда болады.

Топтамадан шығу #

Егер сіз өтінім жіберіп немесе авторлар топтамасында болып, топ-автор болудан бас тартсаңыз, парақшаңызды басқа қолданушылардан жасырыңыз немесе қоғамдық атыңызды өзгертіңіз. Сіздің парақшаңыз топтамадан жоғалады.

Скрыть навигацию

Показать навигацию