Біріңғай есептік жазба

Біріңғай есептік жазба — Ozon ID арқылы авторизациялануға болатын сервистерге арналған біріңғай аккаунт.

Біріңғай есептік жазбаны құру үшін, Ozon ID жүйесін бизнес-аккаунтпен байланыстырыңыз.

Бизнес-аккаунт — Ozon өнімі немесе қызметі аясында жасалған, сатып алушының есептік жазбасынасына берілетін қосымша мәртебе. Мысалы, жеткізушілерге арналған Ozon Retail.

Тіркеу #

Егер сіз Ozon қосымшасында тауар сатсаңыз, Маркетплейстің түсіндірме қорындағы нұсқаулары.

Ozon ID жүйесін бизнес-аккаунтпен байланыстыру:

  1. Кіргіңіз келген қосымшаны ашыңыз. Жүйе автоматты түрде сізді Ozon ID көмегімен авторизация аймағына бағыттайды.

  2. Ozon ID бетінде авторизаядан өтіңіз. Егер басқа қолданушының аккаунтына кіріп кетсеңіз, сол беттің төменгі жағындағы Выйти из аккаунта («Аккаунттан шығу») батырмасын басыңыз. Егер сіз электронды пошта адресін қолдансаңыз, Учётные данные («Тіркелгі деректер») бөлімінде оның Ozon ID жүйесіне тіркелген пошта екеніне көз жеткізіңіз.

  3. Бизнес-аккаунтқа кіру жолдары:

    • Электронды пошта арқылы: күнделікті қолданыстағы пошта адресі мен құпиясөзін теріңіз. Өз аккаунтыңыз арқылы кіргеніңізге көз жеткізіңіз. Егер бөгде адамның деректері шықса, Войти под другим аккаунтом («Басқа аккаунт арқылы кіру») батырмасын басыңыз.

    • СНИЛС бойынша: Войти по СНИЛС («СНИЛС бойынша кіру») батырмасын басыңыз, СНИЛС және туған күніңізді жазыңыз. Өз аккаунтыңыз арқылы кіргеніңізге көз жеткізіңіз. Егер бөгде адамның деректері шықса, Войти под другим аккаунтом («Басқа аккаунт арқылы кіру») батырмасын басыңыз.

    СНИЛС арқылы тек Ozon қызметкерлері ғана кіре алады.

  4. Войти («Кіру») батырмасын басыңыз. Сіздің біріңғай есептік жазбаңыз жасалады: Ozon ID жүйесіне бизнес-аккаунтыңыз байланыстырылады.

Егер келесі жолы қосымшағы кіру кезінде авторизациядан өту сұралса, Ozon ID жүйесін қолданыңыз.

Мүмкін болатын қателіктер мен олардың шешімі #

Қателік Шешім
Номерді ауыстырғаннан кейін авторизацияланбайды Жеке кабинетке өтіңіз және қолданыстағы ұялы телефон номеріне ауыстырыңыз. Жаңа ұялы телефон номерімен тағы да кіріп көріңіз.
Пошта ұялы телефонмен байланыстырылды * *** *** 00 00. Басқа поштаны немесе сол поштамен байланыстырылған ұялы телефон номерін көрсетіңіз. Басқа поштамен кіріңіз немесе Войти под другим аккаунтом («Басқа аккаунт арқылы кіру») батырмасын басыңыз және қайтадан қате деп көрсетілген ұялы телефон номері арқылы авторизациядан өтіңіз. Кейін осы поштаны бизнес-аккаунтқа тіркеңіз.
Ozon ID жүйесіне поштамен авторизациялану кезіндегі қателіктер Ozon ID жүйесінің Учётные данные («Тіркелгі деректер») бөліміндегі жеке кабинетте көрсетілген пошта адресін жазғаныңызды тексеріңіз.
Қате электронды пошта адресі. Поштаны тағы бір мәрте жазып көріңіз Электронды пошта адресі дұрыс жазылғанын тексеріп, Войти («Кіру») батырмасын басыңыз.
Жүйедегі аккаунтке басқа Ozon ID аккаунты тіркелген Сізге басқа аккаунт арқылы жүйеге қолжетімділік берілген.

Қолдау чатының көмегіне жүгініңіз.
• Егер сіз Ozon қызметкері болсаңыз, Service Desk порталында өтініш қалдырыңыз.
Жүйедегі ақпарат көрінбейді Сізді авторизацияға бағыттаған жүйе әкімшілігімен байланысыңыз. Егер бұл көмектеспесе:

Қолдау чатының көмегіне жүгініңіз.
• Егер сіз Ozon қызметкері болсаңыз, Service Desk порталында өтініш қалдырыңыз.

Егер сіз мәселені шеше алмасаңыз, қолдау чатының көмегіне жүгініңіз.

Скрыть навигацию

Показать навигацию