Аккаунт баптаулары

Ozon ID дегеніміз не #

Ozon ID — Ozon жүйесіне және Ozon Банкіне авторизациялану жүйесі, әрі келесі деректерді өңдеу және тексеру тетігі:

  • тіркелгі деректер: телефон нөмірі және электронды пошта адресі;
  • жеке деректер: есім, тегі, жынысы және туған күні;
  • төлқұжат деректері;
  • аккаунтыңызға кірген құрылғылар тізімі;
  • өзара байланысқан жүйелердегі аккаунттар тізімі, мысалы, Мемлекеттік қызметтер порталы.

Ozon ID пайдалану шарттары

Ozon жүйесіне кіру #

Сіз Ozon жүйесінде авторизациялану:

Ozon қосымшасына кіру үшін, сайттың бас бетіндегі оң жақ шетіндегі батырманы басыңыз .

Телефон арқылы кіру #

  1. Телефон нөмірін жазып, Войти («Кіру») батырмасын басыңыз.

  2. Келесі амалдардың бірімен сізге растау коды келеді:

    • пуш-хабарлама және чат хабарламасы «Қауіпсіздік»,
    • телефонға қоңырау шалу,
    • СМС-хабарлама,
    • электронды поштаға хат,
    • WhatsApp мессенджеріне хабарлама жолдау.
  3. Сізге хабарласқан телефон нөмірінің соңғы 6 санын немесе хабарлама келген кодты жазыңыз.

«Қауіпсіздік» чаты #

Чатқа аккаунттың қауіпсіздігіне қатысты хабарламалар келеді: аккаунтқа кіру туралы деректер және авторизация кодары туралы ақпарат. Чат тек авторизацияланған қолданушылар үшін қолжетімді.

Чатты ашу үшін, басты беттегі Сообщения («Хабарламалар») бөліміне өтіп, Безопасность («Қауіпсіздік») батырмасын басыңыз.

Пошта арқылы кіру #

  1. Войти по почте («Пошта арқылы кіру») батырмасын басыңыз.

  2. Ozon ID жүйеңізге тіркелген электронды поштаңызды жазыңыз.

Егер код келмесе, Получить новый код («Жаңа код алу») батырмасын басу арқылы кодты қайта сұратыңыз.

Ozon Банк картасын қолдансаңыз, код СМС немесе қоңырау күйінде келеді.

Мүмкін болатын қателіктер мен олардың шешімі #

Қателік Шешім
Дәл қазір бұл ұялы телефонды аккаунтты тіркеу/кіру үшін қолдануға болмайды • Сіз бірнеше мәрте Ozon ID жүйесіне тіркеуге ұмтылған нөмірді көрсеттіңіз. Сіз бұл нөмірді соңғы рет қолданғаннан кейін 30 күн өткен соң қайтадан аккаунтты тіркеу және кіру үшін қолдана аласыз. Немесе бұрын-соңғы сайтта қолданбаған нөміріңізді тіркеңіз.
• Егер сіз «Біз сізді білетін сияқтымыз» жазбасын көрсеңіз, сіздің нөмір басқа телефондағы қосымшада тіркелген. Оны жүйеге кіру үшін қолданыңыз.
• Сіз жүйедегі өзгерту кезеңіне өткен нөмірді жаздыңыз. Сіз аккаунтке бұл нөмірмен 14 күннен соң кіре аласыз.
Телефон нөмірі жұмыс істемейді Мобильді телефон нөмірін дұрыс жазғаныңызды тексеріңіз.
Сіздің аккаунт өшірілген Егер қателік терезесінде аккаунтты қалпына келтіру батырмасын көрсеңіз, басыңыз. Егер батырма болмаса, жаңа аккаунт құрыңыз.
Код жіберілген поштаға кіру мүмкіндігі болмаса Пошта жүйесінің қолдау қызметі арқылы поштаға кіруді қалпына келтіріп көріңіз.
Поштаның дұрыс емес форматы Пошта адресін дұрыс жазғаныңызды тексеріңіз, немесе оны қайта теріңіз. Болуы мүмкін мәселелер:

• қате жазу;
• символдар арасындағы бос орын;
@ символының немесе домен поштасы — .ru немесе .com;
• пернетақтаның дұрыс орналастырылмауы.
Телефон нөмірі өзгертілді немесе жоқ, ал ескі нөмір қолжетімсіз Сіз пошта арқылы кіре аласыз, егер сізде:

• аккаунт бұғатталмаса,
• банк картасы тіркелмесе,
• Ozon Бөліп төлеу болмаса,
• аккаунттағы пошта расталса.

Ол үшін Войти по почте («Пошта арқылы кіру») батырмасын басыңыз. Кіруге арналған код сіз көрсеткен электронды адреске келеді.
Электронды поштаны растаудағы қателік. Сіз өз аккаунтыңызбен байланыстырылмаған электронды поштаны тіркемекшісіз Сіз бір аккаунтке кіріп, басқасы үшін поштаны растауды жүзеге асырдыңыз. Поштаны растау үшін, онымен байланыстырылған аккаунтке кіріңіз.
Көрсетілген e-mail поштасы табылмады Сіз Ozon қосымшасының бірде-бір аккаунтында қолданылмаған поштаны жаздыңыз. Электронды пошта адресі дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз. Егер аккаунтта электронды пошта тіркемесе немесе дұрыс жазылмаса, телефон нөмірі арқылы кіріңіз.
Телефон нөмірін растауға немесе жүйеге кіруге арналған әрекеттер шектеуден асып кетті 24 сағаттан кейін қайта кіріп көріңіз.
Егер сіз мәселеңіздің шешімін таппасаңыз, кері байланыс формасын толтырыңыз.

Өз Ozon ID жүйеңді білу #

Сіз Ozon ID туралы ақпаратты жеке кабинеттен біле аласыз:

  • мобильді қосымшада келесі батырманы басыңыз немесе және Заказы («Тапсырыстар») бөліміне өтіңіз,
  • Ozon сайтында Мои Заказы («Менің Тапсырыстарым») бөліміне өтіңіз.

Кез келген тапсырыстағы дефиске дейінгі сандар — сіздің Ozon ID.

iOS-құрылғыларында Ozon ID О приложении («Қосымша туралы») бөлімінде қосымшаның нұсқасы туралы ақпараттың астында орналасады.

Мемлекеттік қызметтер арқылы Ozon жүйесіне тіркелу және кіру #

Мемлекеттік қызметтер арқылы тіркелу және кіру қолданушылардың шектеулі санына сынақ режимінде әрі тек қана веб-нұсқада қолжетімді.

Кіру үшін:

  1. Вход через Госуслуги («Мемлекеттік қызметтер арқылы кіру») батырмасын басыңыз.

  2. Мемлекеттік қызметтердегі жеке есептік жазбаңыз арқылы кіріңіз.

  3. Телефон нөміріңізді жазыңыз және оны СМС код арқылы растаңыз кейін Зарегистрироваться («Тіркелу») батырмасын басыңыз.

Егер Мемлекеттік қызметтерде көрсетілген телефон нөмірмен байланыстырылған аккаунтыңыз болса, және соңғы 6 айда сіз:

  • оған кіреңіз — табылған аккаунттар арқылы жүйеге кіре аласыз;
  • оған кірмеген болсаңыз — жүйе қосымша тағы бір мәрте аккаунтты растауды талап етеді.

Егер Ozon аккаунттарында көрсетілген телефон нөмірі болмаса — Мемлекеттік қызметтермен байланыстырылатын жаңа Ozon аккаунты тіркеледі.

Бірнеше Ozon аккаунты табылды #

Егер сідің Мемлекеттік қызметтердегі есептік жазбаларыңыз әртүрлі Ozon аккаунттарымен байланыстырылған болса, олардың бірінің жеке кабинетіне кіріп Мемлекеттік қызметтер аккаунтымен байланыстырыңыз.

Мемлекеттік қызметтер арқылы қайта кіру #

  1. Вход через Госуслуги («Мемлекеттік қызметтер арқылы кіру») батырмасын басыңыз.

  2. Мемлекеттік қызметтердегі жеке есептік жазбаңыз арқылы кіріңіз.

Ozon және Мемлекеттік қызметтердегі аккаунттарды байланыстыру және ажырату #

Мемлекеттік қызметтер арқылы жүйеге кіруді жеңілдету үшін, Мемлекеттік қызметтердегі есептік жазбаны Ozon аккаунтына байланыстырыңыз.

  1. Ozon ID парақшасындағы Связанные аккаунты («Байланыстырылған аккаунттар») бөліміндегі Привязать аккаунт Госуслуг («Мемлекеттік қызметтердегі есептік жазбаны байланыстыру») батырмасын басыңыз.

  2. Мемлекеттік қызметтердегі есептік жазба арқылы кіріңіз.

Аккаунттар өзара байланыстырылады.

Аккаунтты байланыстан ажырату үшін, Отвязать («Ажырату») батырмасын басыңыз.

Растау коды келмеді #

Телефон немесе электронды пошта адресін өзгерту #

Сіз телефон немесе электронды пошта адресін жеке кабинетте өзгерте аласыз:

  1. Ozon жеке кабинетінде Изменить профиль («Профильді өзгерту») батырмасын басыңыз.

  2. Учётные данные («Есептік деректер») бөлімінде Изменить в Ozon ID («Ozon ID жүйесінде өзгерту») батырмасын басыңыз.

  3. Ozon ID парақшасында өзгертілуі қажет деректердің жанындағы Изменить («Өзгерту») батырмасын басыңыз.

  4. Өзгерістерді растау үшін көрсетілген телефон нөміріне жіберілген кодты жазыңыз.

Егер сіздің ескі телефон нөміріңіз қолжетімсіз болып, СМС код қабылдай алмасаңыз, екі аптадан соң ескі нөмір автоматты түрде жаңасына ауыстырылады. Сіз нөмірді ауыстырудан бас тарта аласыз. Ол үшін жеке кабинеттегі телефон нөмірі жанындағы Отменить («Бас тарту») батырмасын басыңыз.

Саусақ ізі немесе бетті сканерлеу арқылы қосымшаға кіру #

Егер сіздің телефоныңызда саусақ ізін немесе бетті сканерлеу мүмкіндігі болса:

  1. Ozon мобильді қосымшасында авторизацияланып, менюдің төменгі жағындағы батырманы басыңыз немесе .
  2. Жоғары жақтағы өз есіңізге басып Авторизация («Авторизация») бөлімінде қосыңыз:
    • iOS бойынша — Touch ID немесе Face ID арқылы кіру;
    • Android бойынша — автоматты түрде кіру.
  3. Әрекетті растау үшін саусақ немесе бетті сканерлеңіз.

Хабарламалардан бас тарту #

Жеке кабинетіңізде Настройки уведомлений («Хабарламаларды баптау») бөлімінде сіз:

  • хабарламаларды өшіре аласыз;
  • ⁠хабарламаларды қалай алғыңыз келетінін таңдай аласыз — электронды пошта немесе телефон арқылы.

Профильде фотоны қалай қоюға болады #

Жеке кабинетте сіздің атыңыз бен тегіңіздің үстіндегі суретке басыңыз, құрылғыңыздан сурет таңдап, таңдауыңызды растаңыз. Сурет профильде көрінеді және сайттағы сіздің пікірлердің жанында көрінеді.

Аккаунтты өшіру #

Аккаунтты барлық тапсырыстар аяқталғаннан кейін өшіруге болады.

Өшіргеннен кейін келесі ақпарат қалыпқа келмейді:

  • жеке деректер,
  • тапсырыстар тізімі,
  • шоттағы қаражат,
  • таңдаулы тауарлар және себет.

Аккаунтты өшіру үшін:

  1. Ozon ID парақшасында Управление аккаунтом («Аккаунтты басқару») бөліміндегі Удалить аккаунт («Аккаунтты өшіру») батырмасын басыңыз.

  2. Профильді өшіру себебін көрсетіп Продолжить («Жалғастыру») батырмасын басыңыз.

  3. Профильді өшіру әрекетін растау үшін СМС немесе поштаға келген кодты жазыңыз.

  4. Удалить («Өшіру») батырмасын басыңыз.

Сұрақтарыңыз болса — бізге чатқа жазыңыз.

Скрыть навигацию

Показать навигацию